РУС

КАЗ

ENG

БІЗДЕР ТУРАЛЫ

Тарихы
Қызметі
Ұжым
Ұйымдық құрылымы
Даму стратегиясы
Біліктілікті жетілдіру
Сертификаттар
Фотогалерея
Бейнегалерея
Пайдалы сілтемелер
Байланыстар

 

Даму стратегиясы


Даму стратегиясы

ЭҚЗ ҒЗИ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қарқынды дамуы - қуатты материалдық-техникалық базаны жасауға, қазіргі инновациялық инфрақұрылымды, ғылым мен білім саласындағы стратегиялық мақсаттарды шеше алатын білікті ғылыми-педагогикалық ұжымды қалыптастыруға алып келді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 20 маусымындағы 2007-2012 жылдардағы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жеткізетін негізгі басым бағыты ретінде ғылымды жүйелі түрде дамыту бағыты анықталды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңында толық циклды инновациялық қызмет жүргізетін, іргелі және ізденушілік зерттеулер жүргізе алатын, қолданбалы зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізіп ғылыми жұмыстардың нәтижелерін өндіріске енгізе алатын ғылыми-білім кешені түріндегі инновациялық университеттер құрып дамыту қарастырылған.

Қазақстан Республикасының білімді дамытудың 2011–2020 жылдардағы Мемлекеттік бағдарламасы негізгі мақсат ретінде білімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру, азаматтардың материалдық және рухани әл-ауқатын жақсарту үшін адами капиталды дамыту, экономиканы тұрақты түрде дамыту үшін сапалы білім алу барлық азаматтар үшін қолжетімділігін қойды.

Алдыңғы қатарлы дүниежүзілік оқу орындарының тәжірибесі көрсеткендей, прогресске жету адами капиталды қалыптастыру арқылы оқу жүйесіне жоғары талаптар қойып және оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы басталады. Міне осыған байланысты, инновациялық экономикаға өту жағдайында, ғылым мен білімнің интеграциясы және олардың даму екпіндерінің жылдамдығы қажет.

Ғылыми қызмет және оқу процессін барлық жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі деңгейлерде интеграциялау, экономика және құқық саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру мақсатында Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінің ректорының 2010 жылғы 1 қазандағы № 42/1-п бұйрығымен университеттегі құрылымдық бөлімше құқығы барысында «Экономикалық және құқықтық зерттеулердің ғылыми- зерттеу институты» (ЭҚЗ ҒЗИ) құрылды.

ЭҚЗ ҒЗИ міндеттері

ЭҚЗ ҒЗИ қызметінің басым бағыттары ретінде университет басшылығымен келесі міндеттер анықталды:

- университеттің білім беру қызметін ғылыми-маңызды деңгейде жоғарылату, дайындалып шығарылған мамандардың сапасын арттыру;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы орындау, экономика және құқық саласы бағытындағы аймақтық, республикалық ғылыми зерттеу бағдарламаларына университеттің алдыңғы қатарлы кафедраларының ғылыми потенциалын тарта отырып қатысу;

- ҚҚЭУ профессорлық-оқытушылық құрамның, магистранттарының, студенттерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастыруды жетілдіру және олардың ғылыми жетістіктері мен ғылыми-педагогикалық тәжірибелерін практикаға енгізу;

- Қазақстанның және шет елдердің ғылыми-зерттеу мекемелерімен кешенді мәселелер туралы жұмыстарды орындау, сондай-ақ алынған ғылыми-зерттеу нәтижелерін тексеріп көру үшін байланыс орнату;

- университеттің профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми жұмысын экономика мен құқықтың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық, жоғарғы оқу орындары аралық, жоғарғы оқу орнының конференцияларына, дөңгелек столдар, ғылыми семинарларға қатыстыру және оған алдыңғы қатарлы ғалымдар мен қоғамдық ұйымдарды қатыстыра отырып белсендіру;

- ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру, жоғары импакт-факторы бар журналдарға жариялануға мүмкіндік жасау;

Қызмет нәтижелері.

Институт өзінің қызмет еткен мерзімінде келесі шараларды жүзеге асырды:

1. Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми- зерттеу институты туралы Ереже жасалып дайындалды.

2. Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми- зерттеу институты қызметкерлерінің лауазымдық қызметі туралы нұсқаулар жасалып дайындалды.

3. Қортынды нәтиже бойынша үздік жетістіктерге жету, жұмыс сапасын жақсарту, ғылыми қызметте творчестволық белсенділік және ынталандыру мақсатында «ҚҚЭУ қызметкерлерін еңбектегі жоғарғы көрсеткіштері үшін марапаттау туралы» ереже жасалып дайындалды.

4. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарымен (Экономика және құқық академиясы, «Тұран» университеті (Алматы), және шет елдік жоғарғы оқу орындарымен (Қырғыз-Ресей Славян университеті, Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті (Бішкек)) істестік туралы келісім шарт жасауға ұйытқы болу.

5. «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорация АҚ –мен облыстық «Қазақстан-Қарағанды» телеканалының «Не все сразу» бағдарламасында имиджді-ақпараттық материалдарды кәсіптік бағдарлық жұмыстар негізінде және тұрғын халықтың құқықтық білімділігін арттыру мақсатында жасап орналастыру.

6. 2011 жылдың 19 мамырында Қарағанды Экономикалық университеті базасында ғалым заңгерлердің, экономистердің, әділет, сот, прокуратура қызметкерлерінің, азаматтық қоғам өкілдерінің (Нұр-Отан, Ата-мекен партиялары, Қазақстан кәсіпкерлері Ассоциациясы, Қарағанды облысы кәсіпкерлері Ассоциациясы ж.т.б.), студенттер, магистранттар сондай-ақ Қарағанды жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен «Роль гражданского общества в обеспечении экономической безопасности: состояние и перспективы развития» атты тақырыпқа дөңгелек стол өткізілді.

Дөңгелек стол өткізу нәтижесінде Үндеу және Ұсыныстар дайындалды.

7. ЭҚЗ ҒЗИ-ың дербес жұмыс істейтін ақпараттық-анықтамалық Интернет-ресурстық сайты (www/niiep.keu.kz) жасалып іске қосылды, оның структуралық элементтерін толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

8. 2014-2015 жылдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зеттеу тақырыптарының негізгі мазмұны анықталды.

9. Магистерлік диссертациялардың ғылыми тақырыптарын ҚҚЭУ зерттеулерінің басты бағытымен сәйкестендіру жүргізіліп жатыр.

10. ЭҚЗ ҒЗИ-ың университет кафедраларымен бірлескен зерттеулерін әзілеу және жүргізу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

11. ҒЗИ-ың ғылыми ұжымы университеттің ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысына жүйелі түрде қатысады, ғылыми жұмыстарды әзірлеуде ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ-ың табысты жұмыс істеуі және дамуы үшін мына шараларды жүзеге асыру қажет:

1. Институт қызметі университеттің факультеттерімен, кафедраларымен және басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара тығыз әрекеттесу түрінде жүзеге асуға тиіс. Өзара әрекеттесу шараларын кеңейту үшін мыналар ұсынылады:

- кафедралардың ПОҚ (ППС) ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен тарту;

- факультеттермен бірлесе отырып теория мен практиканың өзекті мәселелері бойынша перспективті ғылыми-зерттеу жобаларын жасау;

- оқу үрдістеріне әдістемелік материалдарды сапалы дайындау және оқу бағдарламасын компьютерлендіру мүмкіндігін пайдаланып инновациялық және интерактивті жобаларды енгізу;

- ҒЗИ-ың және кафедралардың мүмкіндігін пайдаланып оқулық, монография, оқу құралы және басқа да оқу-әдістемелік материалдар жасау үшін авторлық ұжымдар құру;

- ҒЗИ-ың қызметкерлерін, ПОҚ (ППС), магистранттарды және студенттерді инновациялық жобаларды және бағдарламаларды жүргізуге, алынған нәтижелерді практикалық жұмыстарға енгізуге белсенді түрде тарту;

2. ҚР ҒБМ және басқа да ведомстволар мен мекемелердің гранттық және келісім-шарт негізіндегі тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу жұмыстарын күшейту;

3. Мемлекеттік құрылымдар және ынталы мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды шақыра отырып экономика және құқық мәселелері бойынша кешенді құқықтық форумдарды ұйымдастыру және жүргізу;

4. Кәсіпкерлік-жобаларға потенциалдық инвесторларды тартуға мүмкіндіктер іздеу және ҒЗИ-ың қызметкерлерінің, ПОҚ –ың (ППС) зияткерлік меншік өнімдерін коммерциализациялау.

5. Ғылыми-зерттеу қызметін жан-жақты көрсету және университет имиджін жоғарылату мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен істестікті кеңейту.

6. Жақын және алыс шет елдердің ЖОО-мен халықаралық істестікті кеңітіп, тереңдете түсу, университет қызметкерлерінің жоғары импакт-факторы бар журналдарға жарияланымдар дайындап орналастыру жұмыстарын күшейту.

«Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми- зерттеу институты» директоры з.ғ.д., доцент Ханов Т.А.

ЭҚЗ ҒЗИ © 2011 



НИИ ЭПИ © 2011