Экономикалық және салыстырмалы зертеулер ғылыми зерттеу институты қылмыстық із кесу қызметінің ардагерлері
ҒЗИ директоры Ханов Т.А.
Бас ғылыми қызметкер Шаймұқанов А.Д.
заңи зерттеулер лабораториясының меңгерушісі Бәкішев Қ.А.
жетекші ғылыми қызметкер Фетқұлов А.Х.
аға ғылыми қызметкер Сейтхожин Б.Ө.
кәсіби мерекелері - Қылмыстық із кесу қызметінің күнімен құттықтайды!
Қылмыстық із кесу қызметінің ардагерлері әрңптестерімізге біз зор денсаулық, он саулық, мол бақыт, ғылыми шығармашылық саласында биік жетістіктер тілейміз!
Сіздердің бай тәжірибелеріңіз Ғылымды дамытуға қызмет етсін!
Қымбатты ардагерлер! Мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институтының ұжымы атынан
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық Университетінің бүткіл ұжымын келе жатқан ЖАҢА ЖЫЛ мерекесімен құттықтаймын
Баршаңызға
ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ,
БАЯНДЫ БАҚЫТ,
ҰЗАҚ ТА САЛАУАТТЫ ҒҰМЫР,
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШАБЫТ,
ТОЛАЙЫМ ТАБЫС тілеймін!
Отбастарыңызда ҚҰТ молайып,
БАҚ-БЕРЕКЕ орнасын!
Шын жүректен,
Экономикалық және құқықтық зерттеулер
ғылыми зерттеу институтының директоры
Талғат Ахматзияұлы
2016 жылғы 26 қарашада Қазтұтынуодағы ҚЭУ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып «Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет: түйткілдері мен келешегі» дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырған Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институты.
Дөңгелек үстелге Қарағанды облысы әділет басқармасының басшысы А.Н. Жүсіпов, Кәсіпкерлердің облыстық палатасының директоры М.Т. Божбанов, Кәсіпкерлердің еуразиялық қауымдастығының төрағасы Ж.Т. Алданғаров, облыс кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры С.М. Санаубаев, «Озарение ҚҚ президенті, «Диалог – Жанжалдарды шешу орталығы» ЖМ директоры Т.И. Савицкая, «МедиаЛайф» ҚҚ президенті О.А. Волкова шақырылды. Дөңгелек үстелге Жаңа эконоимика және жүйелік талдау ҒЗИ директоры, э.ғ.д., профессор Қ.С. Айнабек, «МедиаЛайф» ҚҚ әлеуметанушысы С:П. Фролов, ЭҚЗ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент М.Т. Кәкімжанов, ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.К. Сыздық және ЭҚЗ ҒЗИ және ЖЭЖЗ ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, университет оқытушылары, магистранттар, студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде қызу пікірталас орын алды. Жиын соңында белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.
«Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеу» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2016 жылғы 23 қарашада «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ғимаратында «Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеу» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны облыс әкімдігі «Диалог – жанжалдарды шешу орталығы» ЖМ бірлесіп өткізді. Біздің университеттен конференцияға ПББ директоры Ю.Н. Еремин, п. ғ. Д., профессор Н.А. Мыңжанов, т. ғ. к., доцент Е.Ж. Есенғараев, э. ғ. к., доцент В.И. Березюк, з. ғ. к., доцент ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Б.К. Сыздық, доцент В.Б. Дуброва, з. ғ. к., аға оқытушы Н.А. Сәулебек, аға оқытушылар С. Хауия, А.С. Орынбеков, PhD Е.Д. Орынбасарова, магистр А.Р. Ибраева және басқалар қатысты.
Доценттер Е.Ж. Есенғараев пен Б.К. Сыздық пленарлық отырыста баяндама жасады. Сонымен қатар доцент Б.К. Сыздық 1-секцияның модераторы болды.
2016 жылғы 17 қарашада Қазтұтынуоолдағы Қарағанды экономикалық университетінде «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» дәстүрлі көрме-конференциясы өткізілді.
Көрме-конференцияны ұйымдастыруды ҚКЭУ-дің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты Қарағанды облысы білім басқармасының «Сары-Арқа дарыны» РҒТО-мен бірлесіп жүзеге асырды.
Көрме-конференцияға Қарағанды облысының студенттері мен оқушылары қатысып ғылыми жобалар мен олардың нақты үлгілерін ұсынып, көрсетілімдер жасады.
Көрме-конференцияның қорытындысы бойынша байқау комиссиясы жұмыстарды бағалап, үздік жұмыстарды I, II и III дәрежелі дипломдармен, түрлі тақырыптық бағыттағы аталымдармен марапаттады.
«Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» көрме-конференциясында баяндалған жұмыстар арнайы ғылыми жинаққа енеді.
Әділет министрі Б. Имашев халықтың алдында есеп берді.
10 маусымда сағат 11:00 Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында әділет министрі Берік Имашевтің халық алдындағы есебі тыңдалды.
Есептік кездесуде елде жүргізіліп жатқан реформалардың әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелері мен стратегиялық жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу мен Әділет министрлігі алдында тұрған міндеттерді орындау барысы талқыланды.
Есептік кездесу он-лайн режімде Қарағанды облысының әкімдігінде өткізілді. Оған жұмысына ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.Ө. Сейтхожин қатысты.
"Үздік ғылыми-зерттеушілік жұмыс-2016" халықаралық байқауының жүлдегерін құттықтаймыз
2016 жылдың 1 мамыры мен 3 маусымы аралығында «Олимп» ғылыми орталығымен (Москва қ.) «2016 жылдың үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» атты халықаралық конкурс ұйымдастырылды.
Конкурсқа Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның әр аймақтарынан 90 ғылыми-зерттеу жұмыстары қатысты.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінен конкурсқа ИС-22-с тобының студенті Тучина Ю. Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. доцент А.В. Башировтың жетекшілік етуімен орындалған «Криминалистикада кісі өлтіру уақытын анықтауда сандық дифференсациялауды қолдану» атты мақаласын ұсынды. Ғылыми зерттеу жұмысы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Мақаланың мәтіні «Заманауи ғылыми зерттеулер мен ізденістер» журналының №3 шығарылымының (3) (маусым 2016) НЦ “Олимп”, Москва жарияланды.
Конференция «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі»
2016 жылғы 24 мамырда сағат 10:00 Қазақтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі» тақырыбына облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет жөніндегі министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми зерттеу институты (ЭҚЗ ҒЗИ).
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1) Мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сот жүйесінде және құқыққорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әдістері;
2) Үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы рөлі;
3) Жастардың антикоррупциялық мәдениетін қалыптастыру – мемлекеттің басым міндеті
Адам, Әлем, Атом
«Қазақтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Болат СЫЗДЫҚПЕН арадағы әңгіме негізінен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит туралы болғанымен, Адам, Әлем және Атом атты ұлы ұғымдар арасындағы шым-шытырық байланыстың ауылына да ат шалдырылған еді.
http://egemen.kz/2016/04/14/34548
ҚЭУҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ
2016 жылдың 17 наурызында 16.00 сағатта «Достық» Коворкинг-орталығында студенттік жобаларға қатысушылардың жиыны болды. Ұйымдастырушысы: Экономикалық және құқықтық ғылыми-зерттеулер институты.
Мұнда ҚЭУҚ студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі дамыту және белсендіруге қатысты сұрақтар, сондай-ақ өздерінің жобаларымен жұмыс істеу барысында кездесетін қиындықтар мәселелері талқыланды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
2016 жылғы 27 қаңтарда «Болашақ» академиясында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет туралы заңнамны дамытудың түйткілдері мен келешегі» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар болды.
Семинардың модераторы «Болашақ» академиясының «Заң пәндері» кафедрасынң меңгерушісі, з. ғ. к., доцент А.Т. Қабжанов, координаторы осы кафедра доценті, з. ғ. к. Л.К. Амандықова.
Семинарға з. ғ. к., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры К.С. Муслимова, «Қарағанды облысы әкімі аппараты» ҚМКК мемлекет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін көтеру аймақтық орталығының аға оқытушысы С.Х. Мустафин, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет департаментінің бас маманы Р.М. Жусупов, з.ғ. к., «Болашақ» академиясының «Заң пәндері» кафедрасыынң доценті» А.М. Малдыбаев және басқалар қатысты.
Ғылыми-теориялық семинарға ҚКЭУ-ден з.ғ.к., доцент, ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Кенелұлы Сыздық қатысып, «Қазақстан Республикасы қызметкерлері арасында қылмыстылық пен құқықбұзудың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.
ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ EXPO-2017-ГЕ ҮЛЕСІ.
2015 жылғы 10 желтоқсанда университеттің 105 аудиториясы мен үлкен фоесінде "Қарағанды облысы жас ғалымдарының EXPO-2017-ге үлесі" көрме-конференциясы өтті. Көрме конференцияны Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми-зерттеу институты Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒТО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Көрме-конференцияға Қарағанды облысының оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысып, алуан тақырыптағы жобалар ұсынды. Озық жобалардың авторларына түрлі аталымдар бойынша дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Жобалар жеке жинақ болып шықты.
Коллектив НИИ ЭПИ искренне поздравляет Балгимбекова Даурена Укибаевича, к.ю.н., доцента со вступлением в новую должность Ведущего научного сотрудника НИИ ЭПИ. Желаем плодотворной научной деятельности в новом коллективе!
Коллектив НИИ ЭПИ сердечно поздравляет Сихимбаева Муратбая Рыздикбаевича, члена-корреспондента российской академии естествознания, доктора экономических наук, профессора со вступлением в новую должность Заместителя директора НИИ ЭПИ. Желаем творческих успехов, дальнейших научных достижений и карьерного роста!
11 ноября 2011 г. в НИИ ЭПИ проходила научно-теоретическая конференция "Социальные и правовые аспекты обеспечения экономической безопасности". Отчет и фотоотчет прилагается.
27 октября 2011 г. в НИИ ЭПИ проходил научно-практический семинар "Молодежь против наркотиков". Отчет и фотоотчет прилагается.
НИИ ЭПИ выиграл конкурс грантового финансирования фундаментального научного исследования «Обеспечение прав и законных интересов субъектов экономической деятельности в условиях индустриально-инновационного развития», одобрен решением Национального научного совета «Интеллектуальный потенциал страны» о грантовом финансировании (протокол №10 от 17 августа 2012 года), Приказом Председателя Комитета науки (№37-пр от 04 сентября 2012 года). Срок реализации: октябрь 2012 г. – декабрь 2014 г. Научный руководитель: д.ю.н., доцент, директор НИИ экономических и правовых исследований КЭУК Ханов Т.А.
Выпущен учебник с грифом МОН: Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: оқулық. Алматы, 2012. - 17,4 б.т.