РУС

КАЗ

ENG

ПУБЛИКАЦИИ И ТРУДЫ

Учебные пособия
Статьи
Публикации в СМИ
Экспертные заключения
Свидетельства и патенты
Монографии
Отзывы и рецензии
Научные и иные проекты

 

Новая страница

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫСЫН ТЕРГЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыс қазіргі кезде әрбір мемлекет үшін жиі кездесетін құбылыс, және шешілуі қиын мәселе болып табылады.

Бұл мәселелердің мәні кәмелетке толмағандармен жасалған қылмысты тексеріп, ашып, қылмыскерді жазалау ғана емес, сондай-ақ қылмыс жасау субъектісі болып өмір жолын жаңа бастаған кәмелетке толмағандар болуында.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық заңдарымен кәмелетке толмағанмен жасалған қылмыстарды тексерудің кейбір ерекшеліктері қарастырылған, сонымен қатар мұнда жас құқық бұзушыларды процессуалдық қорғау, олардың психикасын алдын ала тергеу кезінде және сотта қорғау және оларға қатысты айыптау үкімін шығару мәселелеріне назар аударылған.

Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары және оларды тексеру ерекшеліктерін қарастырмас бұрын «кәмелетке толмаған» деген кім және оның кәмелетке толғандардан айырмашылығы, ерекшеліктері туралы қарастырып кеткен жөн сияқты. Кәмелетке толмаған кім деген сұраққа әр түрлі жауап беруге болады.

Мысалы, В. Дальдің «Түсіндірме сөздігінде» кәмелетке толмағанға – толық жасқа жетпеген, жасы толмаған, ересек емес, ержетпеген деп анықтама берген.

Ал, заңға сәйкес кәмелетке толмағандар болып он сегіз жасқа толмаған жас өспірімдер саналады.

Қазақстан Республикасында 1997 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданды, бұл кодекске сәйкес қылмыстық жауапкершілік он алты жастан ал ҚК 15 бабының 2 тармағына сәйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96- бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103- бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (104-бап), зорлағаны (120-бап), адамды ұрлағаны (125- бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кісі тонағаны (178- бап), қарақшылық жасағаны (179-бап), қорқытып алғаны (181-бап), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіргені (187-бап), терроризм (233-бап), адамды кепілге алу(234-бап), терроризм актісі туралы көріністі жалған хабарлау (242-бап), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құралдарын ұрлау не қорқытып алу (255-бап), бұзақылық (257-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқытып алу(260-бап), өлгендердің мәйітін және олар жерленген жерді қорлау (275-бап), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-бап) үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс.

Бұдан көріп отырғанымыздай заң кәмелетке толмағандарды да қылмыстық жауапкершіліккке тартуды көздеген.

Кәмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы өзіне тән белгілі бір ерекшеліктерімен танылады. Мысалы, кәмелетке толмағандар топтық қылмыстарды жиі жасайды, олар кешкі мезгілде көбінесе бұзақылық, денсаулыққа зиян келтіру, тонау, қарақшылық, жеке басқа қарсы басқа да қылмыстар жасайды, ал күндіз пәтер ұрлығымен айналысады [1].

Бұл айтқандарымыз дәлелді болу үшін 2001-2007 жылдары аралығында кәмелетке толмағандармен Қазақстан Республикасы аймағында жасалған қылмыстар туралы статистикалық мәліметтерге көз жүгіртейік [2].

Кәмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстары өмірлік тәжірибенің жетіспеуіне байланысты нақты жағдайға тиісті баға бере алмаушылықпен, өз күшінің мүмкіншілігін жоғары бағалауымен, ойлаған ойларының өмір жағдайына сәйкес келмеуімен, үлкендердің іс-әрекетін қайталаумен сипатталады. Сондай – ақ кәмелетке толмаған қылмыс жасаушылардың көбі жүйелі түрде ішімдік пен есірткіні пайдаланады.

Оқиға болған жерді қарау барысында қылмысты кәмелетке толмағандардың жасағанын дәлелдейтін іздер мен заттай дәлелдемелер табылуы мүмкін және осы табылған заттай дәлелдемелер мен іздерге байланысты тергеу болжауларын құруға болады.

Қылмысты кәмелетке толмаған адамдар жасады деген болжамды мына төмендегідей жағдайларға қарай отырып жасауға болады:

1. Оқиға орнын тексеру кезінде анықталған іздердің ерекшеліктеріне байланысы (мысалы, аяқ, саусақ іздердің көлеміне қарап, саусақ іздеріндегі папиляр сызықтарының санына байланысты тұлғаның шамамен жасын анықтауға болады).

2. Әдетте, кәмелетке толмаған тұлға қылмыстың барысын толық ойластырып жоспарламайды. Сондықтан оқиға болған жерді қарау кезінде заттардың ретсіз шашылып, қиратылғандығын байқауға болады.

3. Оқиға болған жерден тоналып алынған заттар мен азық-түліктерге кәмелетке толмағандардың әуестілігінен аңғарылады (Мысалы: ұялы телефондар, фото-бейнекамералар, бейне, СД, DVD плеерлар, кәмпиттер, сағыздар, кола, спрайт сияқты ішімдіктер т.с.с.)

4. Қылмыс жасау әдісінің ерекшеліктері, атап айтқанда оқиға орнын қарау кезінде байқалатын : еш себебсіз мүліктердің қиратылуы, ішімдік шынысының, есірткі заттарының үгінділері, әр түрлі мағнасыз жазулардан аңғаруға болады.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша мынандай жағдайлар анықтауға жатады:

- кәмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы);

- кәмелетке толмағанның тұрмыс және тәрбие жағдайы;

- оның интелектуалдық, ерік жігерлік және психикалық даму дәрежесі, мұқтаждықтары мен мүдделері;

- оларға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы.

Бұл жерде ескере кететін жағдай осы тұлға заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа келді деп өзінің туған күнінен бастап емес өзінің туған күнінен кейінгі тәуліктің ноль сағатынан басталып саналады. Егер жасөспірім өзінің 18 жасқа толған күні қылмыс жасаса онда ол әлі кәмелетке толмаған деп есептеледі. Нақ осындай жағдай 14 және 16 жасқа қатысты заңдық мәселелерді шешуде де қолданылады [3]. Егер де жасөспірімдерде оның жасын көрсететін құжаттар болмаса онда оның жасын анықтау үшін соттық-медициналық сараптама тағайындалады. Кәмелетке толмаған айыпкердің жасын соттық-медициналық сараптама арқылы анықтаған кезде айыпкердің туған күні сарапшының атаған жылының соңғы күні (31 желтоқсан) болып саналады [4].

Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға қарсы бұлтартпау шараларын қолдану ҚР ҚІЖК – ің 491 және 140 бабына сәйкес жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандарға бұлтартпау шарасы ретінде қамау, сондай-ақ ұстау ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған кезде, ерекше жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін. Айта кететін жағдай, кәмелетке толмаған сезіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселені шешкен кезде ҚІЖК-ің 147 бабында көзделген тәртіппен кісі қарауына беру сияқты шараларды қолдану мүмкіндігі талқылануы тиіс.

Кәмелетке толмағандардың тұлға ретінде толық қалыптасып жетілмеуін, және қылмыстық жазалаудың тұлғаға өте ауыр әсерін есепке ала отырып қылмыстық заң жаза тағайындауда кәмелетке толмағандар үшін біраз жеңілдіктер қарастырған. ҚР заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарға өлім жазасы және өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қолданылмайды. Сонымен қатар ҚР ҚК 79 бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: айыппұл, белгілі бір қызыметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру. Бұл жазалар тағайындалған кезде де белгілі бір шектеулер қолданылады. Мысалы, айыппұл - кәмелетке толмаған сотталушы жалақы алатын болса немесе оның тәркілеуге жататын мүлкі болса ғана тағайындалады т.с.с.

Жаза тағайындаған кезде сот әрбір кәмелетке толмағанға байланысты мұқият болуы керек. Сот кәмелетке толмағанды бас бостандығынан айыру туралы жазаны оның түзелуі немесе қайта тәрбиеленуі қоғамнан оқшаулаусыз мүмкін болмаған кезде ғана тағайындауы қажет.

Қорта айтқанда, соңғы кездерде кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс кең таралуда, соған байланысты онымен күресудің қажеттілігі күннен-күнге артуда. Бірақта аталған қылмыспен дұрыс күресу үшін алдымен оның проблемаларын дұрыс түсіну керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Шимановский В.В. Процессуальные особенности расследования преступлений несовершеннолетних. – Волгоград, 1980.

2. ҚР Бас прокуратурасының Қарағанды облыстық статистика және арнайы есеп басқармасынан алынған статистикалық мәліметтер.

3. Особенности расследования преступлений несовершеннолетних.- М., изд. ВНИИ МВД СССР, 1981